Алматыда артқа жүріп жеткен КАМАЗ үш жеңіл көлікті жапырып өтті

Жола апаты, КАМАЗ, Алматы, Медеубеков, Жандосов көшесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2024 20:19 Сурет: Zakon.kz
4 қазанда Алматыда Медеубеков пен Жандосов көшелерінің қиылысында топырақ тиеген КАМАЗ жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

КАМАЗ Медеубеков көшесі бойымен оңтүстік бағыттан көтеріліп келе жатады.

Әзірге белгісіз себептерге байланысты Жандосов көшесінің қилысына жеткенде КАМАЗ артқа жүріп кетеді.

КАМАЗ, бейнелеп айтқанда, артында тұрған жеңіл көліктерді жапырып, жан-жаққа "шашады". 

Бірінші болып соққыға Nissan, Volkswagen және қытайлық Exeed автокөлігтері ұшырады.

Содан кейін артқа жылжыған күйі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шыққан КАМАЗ тротуарға ұшып, шағын ұйымның қоршауына соғылып, тоқтайды.

Құдай сақтағанда, тротуарда жаяу жүргіншілер болған жоқ.

Жол апатынан ешкім зардап шекпеді.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. 


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: