Алматыда полицейлер базарларды, құрылыс басын, оқу орындары маңын жіті тексеріп жатыр
Сурет: polisia.kz
Алматыда 14-18 қазан аралығында "Нелегал – 2024" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, шара мақсаты – заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ заңсыз көші-қонға қатысты басқа да заңсыз әрекеттерді анықтау және жолын кесу.
"Іс-шараның алғашқы күні қаладағы бірнеше құрылыс нысандарында еңбек мигранттары анықталды. Бұл алыс-жақын шетелдердің азаматтары. Бұл азаматтар көші-қон заңнамасын өрескел бұза отырып, елде болған. Аталған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды және сот шешімімен олар елден шығарылатын болады. Іс-шара аясында полиция бөлімшелері жеке құрылыс нысандарын, базарларды, қоғамдық тамақтану орындарын, оқу орындарын, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін пайдалану ықтималдығы жоғары салынып жатқан ғимараттарды тексереді", – деді Алматы қаласы ПД көші-қон полициясы басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Оспанов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript