Сыртқы істер министрлігі өкілеттілігі кеңейтілді

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 10 қазандағы қаулысымен ҚР Сыртқы істер министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, Ережеге Министрліктің жаңа функциялары қосылды:
- шетелде адам саудасының құрбаны болған ҚР азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
- қазақстандықтарды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды, ҚР танылған босқындарды және республикада тұрақты тұратын, шетелде адам саудасының құрбаны болған азаматтығы жоқ адамдарды тиісті құжаттармен қамтамасыз ету және ҚР-ға қайтару жөнінде шаралар қабылдау;
- адам саудасының алдын алу бойынша шаралар қабылдау;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалауға және оларды барынша азайту жөнінде ұсыныстар енгізуге қатысу;
- Республика заңнамасында белгіленген тәртіппен оларға көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін адам саудасының құрбандарын қайта жіберуге қатысу;
- ішкі істер органдарын өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не адам саудасына байланысты жасалған қылмыстар фактілері туралы хабардар ету;
- адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің нәтижелері туралы жұртшылықты хабардар ету;
- ҚР азаматтарының өтініштерін өз құзыреті шегінде ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарау;
- цифрлық трансформацияны жүргізу.
Сонымен қатар, жаңа редакцияда келесі тармақ көрсетілген:
- терроризмге және адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласындағы ҚР сыртқы саяси бағытын іске асыруды қамтамасыз ету.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript