Балаларын қорғамақ болған әйел күйеуін таспен атып түсірді: жанашыр ана жазасыз қалмады

Балаларын қорғамақ болған әйел күйеуін таспен атып түсірді: жанашыр ана жазасыз қалмады , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2024 13:24 Сурет: pexels
Қарағандылық әйел күйеуіне дене жарақатын келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Істі Қарағанды қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі ауданаралық соты қарады.

2024 жылдың 21 сәуірде У. сағат 00:10 шамасында Қарағанды қаласында 23-ықшамауданында орналасқан 13 үйдің 2-ші подъезінің жанында жанжал барысында кәмелетке толмаған балаларын мопедтен түсірмек болған күйеуі азамат Т-нің басын таспен ұрып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені анықталды.

"ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін У-ға қатысты іс қозғалып, сотқа жолданды.Сотта У. кінәсі іс бойынша келтірілген дәлелдермен расталды.Сот У.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтҚРК-нің 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза тағайындалды",- делінген сот ақпаратында.

Үкім заңды күшіне енді.

Бұған дейін Теміртауда балабақшаға ішімдік ішіп келген тәрбиешінің жұмысынан айырылғаны хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: