Ақмола облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен 16 жасар қыз табылды

16 жасар қыз, Ақмола облысы, жоғалған қыз, Семей, табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2024 13:14 Сурет: pixabay
Полиция қызметкерлері 16 жастағы ақмолалық жасөспірімнің орналасқан жерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 16 жасар қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат 21 қазанда Қосшы қаласының полиция бөліміне келіп түскен. Туыстарының айтуынша, 19 қазанда Дильназ үйден шығып, кері оралмаған, телефон қоңырауларына да жауап бермеген. 

Бірнеше күннен кейін туыстары полицейлерге көмек сұрап, жүгінді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қыздың Семей қаласында жүргені белгілі болды. 

Полиция қызметкерлері ата-аналардан балаларға, әсіресе демалыс кезінде бақылауды күшейтуді сұрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: