Жаңалықтар тізбегі
0

"Мүліктердің бұғатталуы". Әділет министрлігі алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Фейк, жылжымайтын мүлік, бұғаттау, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2024 21:43 Сурет: pexels
Әділет министрлігі WhatsApp мессенджері және өзгеде әлеуметтік желілер арқылы ел азаматтарына алаяқтар мүліктерінің бұғатталғаны туралы жалған хабарлама таратып жатқанын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Өзіңізге мұндай хабарлама келген жағдайда Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (АИС ОИП)  кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу арқылы ақпараттың рас немесе жалғандығын тексеріп алуды сұрайды. Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының тізілімі мен байланыс деректерін мына сілтемеге өту арқылы тексеруге болады", делінген ведомство хабарламасында.

Алаяқтардың заңсыз әрекеттерінің алдын алу үшін министрлік тек ресми дерек көздерінен алынған мәліметтерге ғана сенуді және дербес деректерді танымайтын бөтен тұлғаға және күмәнді интернет-ресурстарға бермеуіңізді ескертеді.

Сонымен қатар, қосымша ақпарат алу үшін министрліктің құқықтық ақпараттық қызметіне (8 7172 58-00-58) нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: