БҚО-да бір топ студент ақша бопсалау күдігімен ұсталды

Батыс Қазақстан облысында колледж студенттері қатарластарынан ақша бопсалады деген күдікке ілінді. Олар ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Полиция қызметкерлері колледждің төрт студентін бопсалау күдігімен ұстады. Тергеу барысында күдіктілердің өз курстастарынан қорқытып ақша талап еткені анықталды", делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, кінәлілерді жауапқа тарту үшін қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript