2025 жылы қанша қазақстандықты әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр
Құжатқа сәйкес облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдастыру тапсырылды:
- әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 41 706 ер азаматты 2025 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етуді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырады.
Көлік министрлігі запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер мен әскерге шақырылушыларды тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, Қорғаныс, Ішкі істер, ТЖ министрліктері мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің запасқа шығарылған әскери қызметшілерін тасымалдауға арналған шығыстарды өтеуді республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде өздері ұсынған шоттар бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға тікелей жүргізсін деп көрсетіледі.
Жоба 2024 жылғы 13 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.