Ақмолалықтың жоғалған картасынан 1 млн теңгеге жуық ақшаны шешіп алған күдікті ұсталды
Сурет: pixabay
Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының тұрғынынан арыз келіп түсті. Ол белгісіз тұлғалар жоғалтып алған өзінің Kaspi Gold картасынан 900 мың теңге сомасында ақша қаражатын шешіп алғанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері өтініш берушінің картасынан ақша алған адамның жеке басын анықтады.
"Полиция басқармасы аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы, "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - дейді Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ департаменттегілер біреудің төлем картасынан кез-келген жасырын ақша алу, яғни банктік шоттан немесе басқа біреудің немесе жалған картаны пайдаланып банкомат арқылы рұқсатсыз алу - жазалауға жататын қылмыстық әрекет екенін еске салады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript