Ресейдің үш азаматы елімізден мәжбүрлі түрде шығарылды
Сурет: polisia.kz
Мәскеу – Қарағанды әуе рейсі ұшып келгеннен кейін қала әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ҚР ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған үш жолаушыны анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция мәліметінше, ұсталғандар Ресей Федерациясының 23, 40 және 48 жастағы азаматтары болып шықты.
"Көлік полицейлері құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырып, материалды Қарағанды қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолдады. Сот шешімі бойынша шетел азаматтары 200 АЕК (738 400 теңге) мөлшерінде айыппұл және бес жыл ішінде Қазақстан Республикасына кіруге шектеу қою арқылы елден тысқары шығарып жіберу түріндегі түрлі әкімшілік жазаларға тартылды".
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3629 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартып, оның 1077-сі сот шешімі бойынша елден шығарылды. Сонымен қатар қос азаматтығы бар 412 тұлға анықталып, олар бойынша да тиісті шаралар қабылданды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript