Елімізде кедейлік шегі өзгерді

Пустой кошелек, безработица, банкрот, банкротство, должник, неплатежеспособный, неплатежеспособность, задолженность, безработный, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2024 09:37 Фото: Zakon.kz
Еңбек министрі 2024 жылғы 20 желтоқсандағы бұйрықпен 2023 жылғы 19 мамырдағы "Кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта:

"2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кедейлік шегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген тоқсанының алдындағы тоқсанға есептелген орташа табыстың 35% мөлшерінде, бірақ көрсетілген тоқсанға есептелген Өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%–нан төмен емес мөлшерде айқындалды".

Бұйрық 2025 жылғы 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: