Әлеуметтік маңызы бар тауарларды, көмір мен астықты қадағалаудың пилоттық жобасы 2026 жылға дейін ұзартылды

Интернет, социальные сети, ноутбук, компьютер, работа за ноутбуком, wi-fi  , сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2025 11:18 Фото: pexels
Қаржы министрі 2024 жылғы 27 желтоқсандағы бұйрықпен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі негізінде ҚР аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмір мен астықты қадағалау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларына өзгерістер енгізді.

ҚР аумағында қадағаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, тас көмір мен астықты әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жоба "ЭШФ" АЖ негізінде инфляцияның өсуіне жол бермеу, азық-түлік, тас көмір және астық бағасын 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар шеңберінде енгізілді.

Алайда, бұдан әрі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының, тас көмір мен астықтың бағасын реттеу, сондай-ақ сауда үстемесінен асып кету тәуекелдерін жою және бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды күшейту мақсатында пилоттық жобаның қолданысын 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Бұйрық 2024 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: