Арнайы әлеуметтік қызметтер қалай төленеді
Құжатта арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер – адамның тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын негіздерді еңсеру үшін адамға (отбасына) жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған көрсетілетін қызметтер кешені екені айқындалды.
Сондай-ақ, құжатта келесі ұғымдар түсіндірілді:
- арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер – арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларда жұмыспен қамтылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
- арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге арналған бағаның шектері – арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген мемлекеттік құнын қамтамасыз етуге арналған тарифтердің ең жоғары және ең төмен деңгейлері;
- әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы – Кодекске сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын жергілікті атқарушы органдардың кепілдік берілген сома шегінде өтеуі шарттарымен оларға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі;
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер құнын өтеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік қызметтердің құны жергілікті атқарушы орган бекітетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің тарифы шегінде өтеледі
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектісі порталда сәйкес мына құжаттары негізінде жүзеге асырады:
- арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ведомостарын қоса бере отырып, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі;
- Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілер электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураларды жазып береді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектіге арнаулы әлеуметтік қызметтерді төлеуге арналған құжаттарды уәкілетті орган қарауға қабылдағанға дейін себебін көрсете отырып, құжаттарды кері қайтарып алуға және оларға өзгерістер енгізуге жол беріледі.
Уәкiлеттi орган арнаулы әлеуметтiк қызметтерді көрсететін субъектiге пысықтау үшiн қайтарады және (немесе) арнаулы әлеуметтiк қызметтер көрсететін субъектi мынадай негiздер бойынша қайта қарауға қайтарады:
- 5-тармақта көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбау;
- 5-тармақта көрсетілген құжаттардағы ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігі:
- көрсетілетін қызметті алушының қайтыс болуы;
- көрсетілетін қызметті алушының мүгедектігін жою;
- стационар, жартылай стационар немесе үй жағдайында көрсетілетін қызметті алушының үшінші мүгедектік тобын белгілеу;
- оңалту мен оңалтудың жеке жоспарында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша тиімді ұсыныстардың болмауы;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен балалардың кәмелеттік жасқа толуы;
- арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін басқа ұйымдардан осындай қызметтерді алу;
- көрсетілетін қызметті алушының басқа елді мекенге көшуі;
- білім беру ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу;
- көрсетілетін қызметті алушыға іздеу жариялау;
- көрсетілетін қызметті алушыны хабар-ошарсыз кетті деп тану;
- медициналық ұйымдарда медициналық оңалтудан өту;
- балаларды стационарлық мекемелерден патронаттық тәрбиеге беру;
- арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін маманның болмауы;
- арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін дұрыс тағайындауды анықтау;
- арнаулы әлеуметтiк қызметтiң түрi қаржыландырудың басқа тәсiлдерi (ҚБШ) арқылы көрсетiледi;
- көрсетілетін қызметті алушының (ақылы қызмет) есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шарт жасасу;
- қызметті алушы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін тегін медициналық көмектің және (немесе) медициналық оңалтудың кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъект уәкілетті органнан қайта қарау үшін қайтару туралы ақпаратты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайтару себептерін жойып, 8-тармағында көрсетілген уәкілетті органның құжаттарды арнаулы әлеуметтік қызметтерге ақы төлеуге қайта жібереді.
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу уәкілетті орган құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.