Қазақстанда ғылыми зерттеулер бюджеттің және салықтың жеңілдіктері есебінен жүргізіледі

Лаборатория, медицинская лаборатория, анализы, лабораторные пробирки, лаборатории, наука, исследование, исследования, лабораторные исследования, лабораторное исследование, научные исследования, научное исследование, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2025 15:58 Фото: pexels
Ғылым министрінің м. а. 2024 жылғы 26 желтоқсандағы бұйрығымен бюджет қаражаты есебінен және берілетін салық жеңілдіктері шеңберінде қаржыландырылатын ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ұйымдастыру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта ғылыми зерттеулер ұғымы нақиыланған:

"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер".

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізудің міндеттері:

  • жобалық ғылыми қызметті жүзеге асырудың бірыңғай қолжетімді жағдайларын жасау;
  • жобаның мақсатына қол жеткізудегі міндеттердің әрқайсысының рөлінің және басқа міндеттермен және жобаның күтілетін нәтижелерімен өзара байланысының қысқаша негіздемелері;
  • ғылыми қызметті жүзеге асыруға, есептік материалдарды дайындауға байланысты рәсімдерді ретке келтіру;
  • жобалық ғылыми қызметті жүзеге асыру кезінде және есепті материалдарды дайындау кезінде қателіктер жіберудің тәуекел факторларын қысқарту;
  • ғылыми қызметті сипаттайтын ақпаратпен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу;
  • Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес өтінім беру және жобаны аяқтау сатысында әзірлемелердің технологиялық әзірлігінің деңгейін көрсете отырып, міндеттердің өлшенетін көрсеткіштерін көрсету болып табылады.

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді басқару мынадай қағидаттарға негізделеді:

  • ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің басымдықтары;
  • ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ашықтығы, объективтілігі және теңдігі;
  • ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар сараптамасының объективтілігі мен тәуелсіздігі;
  • ғылыми зерттеулердің экономикалық тиімділігі мен нәтижелілігі;
  • ғылым, білім және өндірістің интеграциясы;
  • ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру;
  • технологиялар трансферті.

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілері, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары, оның ішінде бірлесіп орындаушылар ретінде жүзеге асырады.

Ғылыми зерттеулерді жүргізуді тек қана аккредиттелген ғылыми, ғылыми-техникалық қызмет субъектілері жүргізеді.

Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер мынадай негізгі ұйымдастыру кезеңдерін қамтиды:

  • ғылыми зерттеулерді жоспарлау, зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін айқындау, ғылыми немесе технологиялық проблеманы анықтау;
  • зерттеу жоспарын әзірлеу, әдістер мен технологияларды таңдау, орындау мерзімдерін айқындау және негізгі бақылау нүктелерін, қажетті ресурстарды бағалау, зерттеу тобын құру;
  • ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу – зерттеулер мен эксперименттер жүргізу, эксперименттік деректерді жинақтау, ақпаратты талдау және өңдеу, зертханалық және далалық экспертименттер жүргізу, жаңа модельдер немесе прототиптер әзірлеу, өңдеу және талдау нәтижелерді талдау, алынған нәтижелерді қолданыстағы ғылыми теориляра мен модельдер контекстінде бағалау;
  • ғылыми зерттеулер бойынша бақылау, есепке алу және есептілік – құжаттама және есептілік, зерттеу нәтижелерін ғылыми есептер, мақалалар, жарияланымдар, жаңа өнертабыс алу түрінде ресімдеу, қорғау және ендіру;
  • ғылыми зерттеулерді орындауға кәсіпкерлік субъектілерін (жеке әріптесті) тарту – қол жеткізілген мақсаттар мен міндеттерді бағалау, жобаның табыстылығы мен проб лемалық аспкетілерін талдау, түпкілікті қорытындыларды дайындау, зерттеу нәтижелерін өнеркәсіпке енгізу, оларды жаппай өндіру үшін технологияларды ұсыну;
  • ғылыми-білім беру консорциумдарын құру;
  • халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық даму ынтымақтастығы.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының, технологияларды әзірлеудің технологиялық әзірлігінің деңгейлері және олардың түрлері ғылым саласындағы уәкілетті орган бекіткен технологиялардың әзірлігі мен ұйымдардың технологиялық әзірлігінің деңгейлерін айқындау әдістемесіне сәйкес айқындалады.

Бұйрық 2025 жылғы 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: