Жаңа жоба: Шетелдік IT-мамандар елімізде жұмыс істей алады

Интернет, социальные сети, ноутбук, компьютер, работа за ноутбуком, wi-fi  , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2025 15:47 Фото: pexels
2025 жылғы 15 қаңтардан бастап IT-қызметтер саласындағы мамандар үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат беру жөніндегі "Digital Nomad Residency" пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл үшін мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілген.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Халыққа қызмет көрсету орталықтары" үшін интеграцияланған ақпараттық жүйесінің "Мемлекеттік органның автоматтандырылған жұмыс орны" кіші жүйесі ("ХКО" ИАЖ МО АЖО) арқылы ақпараттық-коммуникациялық қызметтер саласындағы мамандар үшін "Шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету жөніндегі "Digital Nomad Residency" пилоттық жобасы Астана және Алматы қалаларында іске қосылған.

Пилоттық жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

Мемлекеттік қызметті ҚР ІІМ Көші-қон қызметінің аумақтық органы "ХҚКО" ИАЖ АҚ АЖО және көші-қон полициясының ақпараттық жүйесі арқылы көрсетеді.

Көрсетілетін қызметті алушы, яғни шетелдік IT-маман ЖСН және ЭЦҚ болған жағдайда astanahub.com порталында өтініш береді. Бұл салалық мемлекеттік органның – цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (ЦДИАӨМ) – дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім бере отырып, талап етілетін кәсіптер тізбесіне сәйкестігі туралы өтінішін алу мақсатында жүзеге асырылады.

Өтінішті алуға арналған құжаттар тізбесі:

  • өтініш берілген күннен 180 күнтізбелік күннен артық қолданылу мерзімі бар шетелдік паспорттың көшірмесі;
  • дипломның сканерленген нұсқасы (бар болса);
  • портфолио;
  • 35х45 мм өлшемді портреттік сурет (цифрланған фотосурет) ;
  • біліктілікті арттыру сертификатының сканерленген нұсқасы;
  • түйіндеме;
  • мотивациялық хат;
  • тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген азаматтық тиесілілігі және/немесе тұрақты тұратын мемлекетте соттылығы (соттылығының болмауы) туралы құжат.

Толықтығы мен талаптарға сәйкестігіне бастапқы скрининг жүргізілгеннен және өтінім мақұлданғаннан кейін "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры astanahub.com порталы арқылы немесе 2 (екі) жұмыс күні ішінде электрондық пошта мекенжайына келесі кезеңге қатысу туралы хабарлайды.

Верификацияның келесі кезеңі бейне-сұхбат жолымен жүргізіледі, оның нәтижелері тіркеліп, ЦДИАӨМ-ге бекітуге беріледі.

Ұсынылған деректерді тексеру және талдау қорытындылары бойынша ЦДИАӨМ astanahub.com порталы арқылы ЭЦҚ пайдалана отырып өтініш берушінің біліктілігін верификациялау туралы өтінішхатқа қол қояды.

Өтінім верификация нәтижелері бойынша бас тартылған жағдайда "Инновациялық технологиялар паркі" дербес кластерлік қоры өтініш берушіге себептерін түсіндіре отырып astanahub.com порталындағы жеке кабинетіне немесе электрондық пошта мекенжайына. хабарлайды.

Жоба туралы толық ақпаратты мына жерден біле аласыз.

"Digital Nomad Residency" пилоттық жобасы 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін жұмыс істейді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: