Алматы облысында барымташылар тобы ұсталды

Барымташылар, Алматы облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2025 19:54 Сурет: polisia.kz
Алматы облысында Жамбыл ауданының полицейлері бір қатар мал ұрлығын жасаған төрт адамнан тұратын күдікті топты ұстады. Ұсталғандар 30-35 жас аралығындағылар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта екі жәбірленуші анықталды.


"Бірінші жағдайда күдіктілердің жайылымнан 18 бас жылқыны ұрлап әкеткен, шығын 9 миллион теңгені құраған. Екінші жағдайда шаруа қожалығының аумағынан 4 миллион теңгеге бағаланған 5 бас мал ұрланды. Екі дерек бойынша да қылмыстық істер тіркеліп, тергеу жүргізілуде. Ұсталғандардың барлығы соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізілуде", – деп атап өтті полициядан.  

Полиция өңір тұрғындарын өз мүлкін қорғау үшін шаралар қабылдауға шақырады. Мал иелеріне осындай оқиғалардың қаупін азайту үшін күшейтілген күзет ұйымдастыруға, бейнебақылау орнатуға немесе шопандардың қызметтерін пайдалануға кеңес беріледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: