Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жаңа қызметтер қосылды
Фото: Zakon.kz
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы қаулысымен ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, Министрлік туралы ережеге 2025 жылғы 24 мамырдан бастап жаңа функциялар енгізілуде:
- "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңда көзделген функцияларды іске асыру кезінде ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылыс жинақ банкін үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
- бірыңғай республикалық электрондық базада, "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасында тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдеріне мониторингті жүзеге асыру;
- ҚР тұрғын үйге мұқтаж азаматтарын, қандастарды "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына есепке қою қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру қағидаларын әзірлеу және бекіту.
Сондай-ақ, ереже келесі тармақшалармен толықтырылды:
- квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асыру.
- жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыру;
- жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау тәртібін әзірлеу және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша бекіту.
Сонымен қатар, жаңа редакцияда Министрліктің келесі функциялары көрсетілген:
- ҚР тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
- тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер жеке кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы субсидиялау қағидаларын және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметтерінің құнын есептеу әдістемесін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
- квазимемлекеттік сектор субъектілері арқылы ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыру.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript