Түрік тілінде діни кітаптар сатып алған қазақстандық жазаланды

Сот үкімі, Абай облысы, Бородулиха, түрік тілі, діни кітаптар, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2025 20:20 Сурет: Zakon.kz
Абай облысы Бородулиха аудандық сотында 22 қаңтарда тыйым салынған кітапты таратты деген айыппен әйел адам сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тіркелген іс материалдарындағы дерекке сәйкес, Бородулиха ауданының "Ауыл" өткізу бекетінде шекара қызметінің қызметкерлері Т-ның жол сөмкесінен экстремистік деп танылған және Қазақстан Республикасы аумағында әкелуге және таратуға тыйым салынған, ұлтаралық және діни араздықты қоздыруға шақыратын шет тілдегі діни әдебиеттерді тапқан.

Т. әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын толық мойындап, діни мазмұндағы түрік тіліндегі кітаптарды өз қажеттілігі үшін Қырғызстан Республикасынан сатып алғанын түсіндірді.

Іс материалдарын зерделей келе, сот Т-ны кінәлі деп танып, оған 369 200 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

2024 жылы 10 желтоқсанда Атырауда діни-экстремистік идеологияны уағыздаушы ер адам ұсталған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: