ШҚО-да бір отбасының екі мүшесінен қос азаматтық анықталды
![Көші-қон, ШҚО, қос азаматтық, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2025 18:13](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2025-01-29/file-326e3abb-cfae-46f7-87d6-427a49dcbb29/400x225.webp)
ШҚО-да қос азаматтығы бар екі адам анықталды. Олар балалы-аналы бір отбасының мүшесі болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Олар өткен жылдың желтоқсан айының басында шет мемлекеттің азаматтығын алып, алайда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының көші-қон қызметіне хабарламаған. Дегенмен, бұл құқық бұзушылық екі ай өткеннен кейін, анасы мен қызы зейнетақы жинақтарын алу үшін ХҚКО-ға өз бетімен жүгінген кезде анықталған, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сот қаулысымен олар Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзды деп танылды. Нәтижесінде анасына 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, ал қызы әкімшілік жолмен елден шығарылды.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 2025 жылдың қаңтар айының өзінде облысымызда қос азаматтығы бар жеті адам анықталған. Құқық қорғау органдары Қазақстан заңнамасына сәйкес, басқа елдің азаматтығын алған азаматтар 30 күн ішінде бұл туралы көші-қон қызметіне хабарлап, бұрынғы азаматтығын растайтын құжаттарын тапсыруы қажет екенін ескертеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз