Дубайдағы күш құрылымдары арасындағы жарыстарда "Сұңқар" жауынгерлері оқ бойы озық келеді

Жарыс, Дубай, күш құрылымдары, Сұңқар, жауынгерлері, бірінші орын , сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2025 21:39 Сурет: polisia.kz
Дубайда тізгін қаққан Тhe UAE SWAT Challenge 2025 халықаралық жарыс өз жалғасын табуда. Онда 100-ден астам елдің күштік құрылымдарының арнайы бөліністерінің қызметкерлері бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ мәліметінше, "Сұңқар" бөлінісінің жауынгерлері жарыстың бірінші және үшінші күндерінің нәтижелері бойынша көш бастап, жеңісті жолды жалғастыруда.

Қазақстан ІІМ қызметкерлері "офицерді құтқару" деп аталатын үшінші кезеңнен сәтті өтіп, атыс дайындығы мен жауынгерлік ептілігін көрсете білді. Нәтижесінде олар барлық сынақты 2 минут 11 секундта аяқтады.

Полицейлер сайыста сынға түсіп жатқан әріптестерінің видеоларымен бөлісіп, қолдау көрсетіп жатыр.

Отандастарының жеңісіне Дубайда жүрген біздің азаматтар да қуануда. Қазақстандағы көрермен де турнирді тікелей эфирде тамашалауда.

"Бізді қолдаған жандардың бәріне рақмет. Жерлестердің лебізі бізге күш-жігер сыйлайды", - деді жауынгерлер.

Естеріңізге сала кетейік, турнирдің бірінші күні де "Сұңқар" командасы "алтын" жеңіп алған болатын. Үш күннің қорытындысы бойынша ІІМ командасы турнирдің жалпы кестесінде екінші орынды иеленіп тұр. Одан бөлек, үздік он команданың арасында Ұлттық ұлан, "Sardar B" (МКҚ) және ҰҚК-ның екі командасы (Arystan Team және SSN Aktau) да бар. Өткен жылы "Сұңқар" жауынгерлері ұйымшылдығымен ерекшеленген еді. Қатысушылардың бірі аяғын сындырып алғанына қарамастан, команда мәре соңына дейін жетіп, көрерменнің көзайымына айналған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: