"Қазақ тілін білу міндетті". ҚР азаматтығын қалай алуға болады

Төлқұжат, көк паспорт, Қазақстан азаматтығын алу, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2025 20:44 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу жеңілдетілген және жалпы тәртіпте жүзеге асады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңілдетілген тәртіпте азаматтық алу құқығына келесі санаттағы тұлғалар ие:

  • ҚР азаматымен некеде тұрған шетелдіктер;
  • ҚР аумағында заңды негіздерде тұрақты тұратын қандастар (оралмандар);
  • ҚР жоғары оқу орындарында білім алып жатқан этникалық қазақтар;
  • Халықаралық келісімдер негізінде Ресей, Беларусь және Қырғызстан азаматтары.

Заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді жалпы тәртіпте азаматтық алатын тұлғалар мемлекеттік тілді (қазақ тілін) қарапайым деңгейде білуімен қатар, ҚР Конституциясының негіздерін және Қазақстан тарихын білуін растайтын сертификат ұсынуы қажет.

Бұған дейін Абай облысында 10 шетелдік ықтиярхатынан айырылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: