Кентау қаласының аумағына бірнеше ауылдар қосылмақ

Кентау қаласының аумағына бірнеше ауылдар қосылмақ , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2025 13:57 Сурет: Facebook/Кентау қаласының әкімдігі
Қала әкімдігі мен мәслихаты "Кентау қаласының ауылдары мен елді мекендерінің шекараларын өзгерту туралы" құжат дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Кентау қаласының келесі ауылдары мен елді мекендерінің шекараларын өзгерту жоспарлануда:

  • Қарнақ ауылының әкімшілік шекарасынан Кентау қаласының шекарасына 2655,53 гектар және Байылдыр ауылының шекарасына  264,75 гектар жер учаскелерін қосу арқылы Қарнақ ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 35 257,16 гектар болып белгіленсін;
  • Хантағы ауылының шекарасынан Кентау қаласының шекарасына  22,67 гектар және Байылдыр ауылының шекарасына 728,45 гектар жер учаскелерін қосу арқылы Хантағы ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы шекарасын 44 718,61 гектар болып белгіленсін;
  • Қарнақ  ауылының шекарасынан 264,75 гектар, Хантағы  ауылының шекарасынан 728,45 гектар жер учаскелерін Байылдыр ауылының шекарасына қосу арқылы,  Байылдыр  ауылының шекарасынан 522,27 гектар жер учаскесін Кентау қаласының шекарасына алу арқылы Байылдыр ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 24 819,43 гектар гектар болып белгіленсін; 

Сонымен бірге Кентау қаласы жерінің бір бөлігі ауылдардың шекарасына өтеді:

  • Байылдыр ауылының шекрасына қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 146,02 гектар жер учаскесін елді мекеннің шегіне қосу арқылы, Байылдыр ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі, 241,99 гектар болып белгіленсін;
  • Хантағы ауылының шекарасына қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 152,98 гектар жер учаскесін елді мекеннің шегіне қосу арқылы, Хантағы ауылының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 763,91 гектар болып белгіленсін;
  • Хантағы ауылының әкімшілік шекарасына қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 312,49 гектар жер учаскесін елді мекеннің шегіне қосу арқылы, Хантағы ауылы, Шоқтас елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 657,98 гектар болып белгіленсін;
  • Хантағы ауылының шекарасына  қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден 51,68 гектар жер учаскесін елді мекеннің шегіне қосу арқылы, Хантағы ауылы, Қотырбұлақ елді мекенінің  шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 58,88 гектар болып белгіленсін. 

Құжат 25 ақпанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: