Қазақстанда жолдарды жөндеу мен күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтері артты

Мысалы, Астанадағы ағымдағы жөндеу 1 км-ге 9 684,43 мың теңгені құраса, күтіп-ұстау дәл осы шақырымға 8 278,68 мың теңге көлемінде бекітілді.
Алматыда ағымдағы жөндеуге 8 531,86 мың теңге, ал күтіп-ұстауға 7 582,68 мың теңгеден бөлінді.
Шымкентке келсек, ағымдағы жөндеу жұмыстары 1 км аумаққа 5 991,72 мың теңгені құрайды, күтіп-ұстау жұмыстары болса 5 121,99 мың теңге көлемінде.
Облыстарда жөндеу құны (мың теңгемен):
- Абай - 1 006,19
- Ақмола - 939,07
- Ақтөбе - 807,22
- Алматы - 812,51
- Атырау - 463,78
- Батыс Қазақстан - 755,49
- Жамбыл - 732,44
- Жетісу - 791,73
- Қарағанды - 795,73
- Қостанай - 792,21
- Қызылорда - 492,26
- Маңғыстау - 445,65
- Павлодар - 841,84
- Солтүстік Қазақстан - 849,80
- Түркістан - 506,72
- Ұлытау - 801,69
- Шығыс Қазақстан - 1 054,24.
Жолдарды жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтеріне оның ішінде, автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға арналған шығындар да кіреді.
Қаржыландыру нормативтері ені 3,5 метр болатын 1 км көше үшін келтірілген. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың көшелерін талап етілетін параметрлерінің нормативін есептеу үшін автомобиль жолдарының мынадай санаттары бойынша саралау коэффициенттері қолданылады:
- қозғалыс жолақтарына байланысты Іа/Іб санаттары бойынша реттелетін, жүрдек қозғалыстағы магистральдық жолдар;
- қозғалыс жолақтарына байланысты Іб санаты бойынша үздіксіз, реттелетін қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелері;
- II санат бойынша аудандық маңызы бар жаяу жүргіншілер-көлік және көлік-жаяу жүргіншілер магистральдық көшелері;
- III санат бойынша тұрғын үй құрылысындағы жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдар;
- III санаттағы саябақ жолдары;
- III санат бойынша негізгі жол жүру;
- IV санат бойынша екінші дәрежелі жол жүру;
- IV санаттағы жаяу жүргіншілер көшелері мен велосипед жолдары.
Нормативтер 2023 жылғы бағада ҚҚС-сыз келтірілген. ҚҚС тиісті жылға арналған «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде қабылданады.
2023 жылғы базалық бағадан ағымдағы деңгейге көшу АЕК өзгеру индексі арқылы жүзеге асырылады – жоспарланған жылдың АЕК-нің 2023 жылдың АЕК-не қатынасы. АЕК мөлшері бюджет заңнамасына сәйкес жыл сайын белгіленеді.
Салудан, реконструкциялаудан, орташа, күрделі жөндеуден кейін кепілдікте тұрған автомобиль жолдарының учаскелерінде қаржыландыру нормативтеріне - 0,75 төмендету коэффициенті қосымша қолданылады. Жол төсемелерінің конструкциясын қалпына келтіру жұмыстары салу, реконструкциялау, орта, күрделі жөндеу мердігерінің есебінен орындалады.
Бұйрық 2025 жылғы 21 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.