Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына өтті

Үкімет 2025 жылғы 11 ақпандағы қаулысымен Цифрлық Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті ұйымды айқындау туралы өзінің қаулысына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны цифрлық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті ұйым болып белгіленсін", – делінген құжатта.
Бұған дейін Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басқаруында болған.
Қаулы 2025 жылғы 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript