ҚР Президентінің Іс басқармасында жаңа кәсіпорын құрылады

Акорда, резиденция Президента Республики Казахстан, здание Акорды, Астана , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2025 14:36 Фото: akorda.kz
Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесіне толықтыру енгізілетін Үкіметтің қаулысын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, тізім жаңа кәсіпорынмен толықтырылады:

  • "ҚР ПІБ "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" ШЖҚ РМК".

Кәсіпорын қызметтік ғимараттарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету және ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің жабдықтау функцияларын орындауды жүзеге асырады.

Бұл ретте келесі редакцияда қызмет түрін кеңейтуге келісім туралы қорытынды алынды:

  • "Іс-шараларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру (саммиттер, съездер, көрмелер, форумдар, симпозиумдар) ", "Конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру").

"Жобаның мақсаты "ҚР ПІБ "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" ШЖҚ РМК-ға Кәсіпорын қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының әкімшілік ғимараттарында іс-шараларға (саммиттер, съездер, көрмелер, форумдар, симпозиумдар) қызмет көрсетуді және азық-түлік өнімдерін бөлшектеп сатуды беру",- делінген құжатта.

Құжат 27 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: