Бюджет қаражаты мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталады

Инвалидность, инвалид, люди с ограниченными возможностями, человек с особыми потребностями, пандус, инвалидная коляска, табличка инвалид, знак инвалида, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2025 12:54 Фото: Zakon.kz
Үкімет 2025 жылғы 11 ақпандағы қаулысымен мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға жергілікті бюджеттердің 2025 жылға арналған республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:

  • "Spina bifida" диагнозы бар мүгедектігі бар адамдарды бір реттік қолданылатын майланған катетерлермен қамтамасыз етуге;
  • мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектер) қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға;
  • ментальді бұзушылықтары бар балаларға санаторий-курорттық емдеуге пайдаланылады. 

Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне 2025 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттер "Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" 105 Бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша пайдаланылады.

Республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қаржыландырудың жеке жоспары негізінде облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды жүргізеді.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен қаражат түскен кезде жергілікті атқарушы органдар мынадай іс шаралар кешенін жүзеге асырады:

  • «Spina bifida» диагнозы бар мүгедектігі бар адамдарды бір реттік қолданылатын майланған катетерлермен қамтамасыз етуге, мүгедектігі бар адамдарды міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектер) қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту; 
  • ментальді бұзушылықтары бар балаларға санаторий-курорттық емдеу. 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері жыл қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарынан кешіктірмей республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есептерді ұсынады.

Қаулы 2025 жылғы 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: