2024 жылғы су тасқынынан агроөнеркәсіп субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу ережесі бекітілді

Паводки в Северо-Казахстанской области, паводки в СКО, паводки, паводки в РК, паводки в Казахстане, наводнения, наводнение, эвакуация людей, затопления сел, потопы, затопления деревень, потопы в области, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2025 09:32 Фото: akorda.kz
Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 18 ақпандағы бұйрықпен 2024 жылғы су тасқыны салдарынан жылжымайтын мүлік бойынша агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мүліктік шығынға өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сақтандырылған жылжымайтын мүлікті, сондай-ақ 2024 жылғы 1 наурыздан кейін меншік құқығы тіркелген жылжымайтын мүлік объектілерін қоспағанда, агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпкерлік субъектілерінің жойылған жылжымайтын мүлкінің құнын немесе бүлінген жылжымайтын мүлкін қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу жолымен жүргізіледі.

Облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен құрылатын 2024 жылғы су тасқыны салдарынан агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпкерлік субъектілеріне жылжымайтын мүлік бойынша келтірілген мүліктік шығынның өтемақысын айқындау жөніндегі өңірлік комиссияның (Өңірлік комиссия) немесе бюджеттен тыс қорлардың 2024 жылғы су тасқыны салдарынан агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпкерлік субъектілеріне жылжымайтын мүлік бойынша келтірілген мүліктік шығынның өтемақысын айқындау жөніндегі комиссиясының (Қор комиссиясы) шешімі жойылған жылжымайтын мүліктің құнын немесе бүлінген жылжымайтын мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу үшін негіз болып табылады.

Жойылған жылжымайтын мүліктің құны немесе бүлінген жылжымайтын мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құны мүлік иесіне мынадай көздерден:

  • бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік бюджеттен;
  • бюджеттен тыс қорлар қаражатынан оған қаражат төлеу жолымен өтеледі.

Жойылған жылжымайтын мүліктің немесе бүлінген жылжымайтын мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу үшін қаражат көзін айқындау Өңірлік комиссияның құзыретіне жатады.

Жойылған жылжымайтын мүліктің құнын немесе бүлінген жылжымайтын мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу мөлшері ұсынылған ақаулық ведомосі, сметалық құжаттама, жобалау-сметалық құжаттама, жылжымайтын мүлікті бағалау не сот сараптамасы/арнайы зерттеу бойынша айқындалады.

Жойылған жылжымайтын мүліктің құнын немесе бүлінген жылжымайтын мүлікті қалпына келтіру жұмыстарының құнын өтеу үшін мүлік иесі не оның өкілі Өңірлік комиссияға қағаз жеткізгіште не "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы нысан бойынша толтырылған, 2024 жылғы су тасқыны салдарынан агроөнеркәсіптік кешеннің кәсіпкерлік субъектілеріне жылжымайтын мүлік бойынша келтірілген мүліктік шығынды өтеу туралы өтініш және тізбе бойынша құжаттар топтамасын жібереді.

Өтемақы туралы өтінішке мүлік иесі не оның өкілі өтемақы сомасын міндетті түрде көрсете отырып, Комиссия қорытындысының көшірмесін, сондай-ақ мыналарды береді:

  • дара кәсіпкерлер үшін – электронды түрде elicense.kz порталында "Жеке кабинет" – "Өтініштер мен алынған қызметтер тарихы" – "Хабарламалар" – "МО-ға қабылдау" – "Талон" қосымшасында дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарламаның тіркелгені туралы талон, заңды тұлғалар үшін – электронды түрде egov.kz порталында "Көрсетілетін қызметтер" – "Бизнесті тіркеу және тарату" – "Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама беру" қосымшасында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу, филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтама;
  • олардың негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) немесе жылжымайтын мүлікке өзге де заттай құқық туындайтын, өзгеретін және (немесе) тоқтатылатын құқық белгілейтін құжаттар, сәйкестендіру құжаттары (ол болған жағдайда);
  • нысан бойынша жылжымайтын мүлікті ерікті сақтандырудың жоқтығы туралы өтініш не сақтандыру шарты не сақтандыру шартының электрондық көшірмесі (ол болған жағдайда);
  • нысан бойынша мүлік иесіне не оның өкіліне ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшін қылмыстық жауаптылық жөнінде ескертілгені туралы жазбаша хабарлама;
  • нысан бойынша бағалау, сараптама ұйымдарын және өтемақының мөлшерін айқындау үшін тартылатын адамдарды олар ұсынатын құжаттардағы мәліметтердің дұрыстығы үшін қылмыстық жауаптылық жөнінде ескертілгені туралы жазбаша хабарлама;
  • осы Қағидалардың 10-тармағында аталған көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге арналған шот-фактура не шот;

Жылжымайтын мүлікті қалпына келтіру бойынша мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  • техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – аккредиттелген сараптамалық ұйым қол қойған және растаған техникалық қарап-тексеру қорытындысы

Техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін – техникалық қарап-тексеру жөніндегі сарапшы қол қойған және растаған техникалық қарап-тексеру қорытындысы.

  • жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты.

Мұндай құжат жоғалған немесе жойылған жағдайда осы құжаттың телнұсқалары не көшiрмесi берiледi;

  • "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы берген жылжымайтын мүліктің жоқтығы (болуы) туралы мәліметтер;
  • ағымдағы жөндеу бойынша – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес жасалған ақаулық ведомосі және сметалық құжаттама;
  • күрделі жөндеу және реконструкциялау бойынша – жобалардың кешенді сараптамасының оң қорытындысын алған және сметалық есептері бар жобалау-сметалық құжаттама;
  • қалпына келтіруге жатпайтын ғимараттарды демонтаждау бойынша – салдар туындаған кездегі тозуды ескере отырып, жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есеп.

Егер мүлік иесі өтеу сомасымен келіспеген жағдайда өтемақы сомасын айқындау жөніндегі (сот-бухгалтерлік немесе сот-тауартану) сот сараптамасы/арнайы зерттеу қосымша беріледі.

Өтемақы туралы өтініштің және тиісті құжаттардың негізінде Өңірлік комиссия және (немесе) Қор комиссиясы 5 (бес) жұмыс күні ішінде республикалық бюджет және (немесе) облыстың және (немесе) Қордың қаражатынан мүліктік шығынды өтеуге қаражат бөлуді көздейтін шешімнің жобасын әзірлейді.

Облыстың жергiлiктi атқарушы органы 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде Өңiрлiк комиссия және (немесе) Қор комиссиясы қабылдаған, меншік иелеріне облыстың және (немесе) Қордың бюджетінен мүліктік шығынды өтеуге қаражат бөлудi көздейтiн шешiмдердің негiзiнде мүлік иелерінің тізбесін, өтелуге жататын сомаларды, қаржыландыру көзін, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісінің санатын көрсете отырып, Өңірлік 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шеккен субъектілер тізілімін қалыптастырады.

Растайтын құжаттарды (Өңірлік комиссия және (немесе) Қор комиссиясы ай сайын есепті кезеңнің 5-күнінен кешіктірмей қалыптастырады және жалпы 2024 жылғы су тасқыны салдарынан зардап шеккен субъектілер тізілімін қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жібереді.

Бұйрық 2025 жылғы 21 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді, 2024 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2025 жылғы 31 наурызға дейін қолданылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: