Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Атап айтқанда, ережелер жаңа редакцияда көрсетілген.
Қағида мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және тапсырысты орындайтын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ мемлекеттік ғылыми қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді регламенттейді.
Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі ғылыми ұйымдар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі ғылыми ұйымдар мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдар болып табылады.
Мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің жалақысын төлеу мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде еңбекақы төлеуге бекітілген бюджет шегінде жүргізіледі.
Мемлекеттік бюджеттен жетекші ғылымдарды қоспағанда, ғылыми зерттеулер жүргізуге мемлекеттік тапсырысты (бұдан әрі – Ұйым) орындайтын мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру кезінде базалық ставка негізінде айқындалады.
Мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерінің жалақысы біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, жұмсалған еңбектің саны мен сапасына байланысты болады.
Мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес тиісті жылға белгіленген еңбекақы төлеуге арналған бюджет (еңбекақы төлеу қоры) шеңберінде жасалған шарттарға сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік ұйымдардың лауазымдық айлықақыларына ынталандыру төлемі ғылыми қызметкер орындайтын жұмыстардың сапасы мен қарқындылығына сәйкес бағдарламалар/жобалар басшысының жазбаша өтініші бойынша бұйрықпен ресімделген ұйым басшысының шешімімен белгіленеді және бекітілген еңбекақы қоры шегінде төленеді.
Еңбек шартында айқындалған еңбекақы төлеу шарттары Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі және еңбек құқығының нормаларын қамтитын өзге де нормативтік құқықтық актілерде, ұжымдық шартта, келісімдерде, жергілікті нормативтік актілерде белгіленген шарттармен салыстырғанда нашарламауы тиіс.
Мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне негізгі жұмыс орны бойынша сәйкес тиісті диплом немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлік болған кезде ай сайынғы қосымша ақы белгіленеді.
Қосымша төлемдерді қоса алғанда, жалақы жұмыс берушінің жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі құжаттарында ескерілген нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.
Қоса атқаратын, сондай-ақ толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы жағдайларында жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жұмыс істеген уақытына барабар не орындалған жұмыс көлеміне қарай жүргізіледі. Негізгі жұмыс бойынша лауазымға және қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша алмастыратын лауазымға қатысты жалақының мөлшерін айқындау қолданыстағы заңнамаға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес бағдарламалар/жобалар басшысының ұсынуы бойынша әрбір лауазым бойынша бөлек жүргізіледі.
Еңбек шартының талаптарымен және (немесе) жұмыс берушінің актісімен толық емес жұмыс күні немесе оны толық жүктеме болмаған кезде, сондай-ақ уақытша немесе біржолғы сипаттағы жұмыстарға ақы төлеу үшін нақты орындалған жұмыстар үшін сағат бойынша еңбекақы белгіленуі мүмкін.
Көрсетілген қызметкер осы кезеңде жұмыс уақытының нормасын толық орындап және еңбек нормалары (еңбек міндеттері) орындалған жағдайда, қызметкердің айлық жалақысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген ең төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс.
Ережелер сонымен қатар мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын және атағы мен ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақыларды есептеу үшін коэффициенттерді белгілейді.
Қосымша ақылар мынадай мөлшерде белгіленеді:
- Ғылым кандидаттарына, философия докторларына (PhD), бейіні бойынша докторларға – 17 АЕК (2025 жылы 66 844 теңге).
- Ғылым докторларына – 34 АЕК (133 688 теңге).
- Ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессорларға (доценттерге) – 25 АЕК (98 300 теңге).
- Ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар қауымдастырылған профессорларға (доценттерге) – 42 АЕК (165 144 теңге).
- Ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор және ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар профессорларға – 50 АЕК (196 600 теңге).
Бұйрық 2025 жылғы 26 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.