Жоғары оқу орындарында білім беру мемлекеттік тапсырысын орналастыру ережесі жаңартылды

Атап айтқанда, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидалары жаңа редакцияда жазылды.
Экономиканың кадрларға, оның ішінде салалық және өңірлік қажеттілікке, елдің индустриялық-инновациялық даму басымдықтарына, ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйымдардың ғылыми-педагогикалық кадрларға деген қажеттіліктерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қалыптастырылған және бөлінген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы ЖЖОКБҰ, оның ішінде топ-250 халықаралық академиялық рейтингтеріне (Quacquarelli Symonds (QS), Academic Ranking of World Universities (ARWU), Times Higher Education (THE) және/немесе Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) және/немесе БРИКС елдерінің топ-100 ұлттық рейтингтеріне кіретін Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындарының және (немесе) олардың филиалдарының арасында конкурстық негізде орналастырылады.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қаржыландыруға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы білім беру бағдарламаларына, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түріне және мәртебесіне қарай сараланған білім беру гранттары түрінде орналастырылады.
Жоғары білімі бар кадрларды (бакалавриат) және магистрлерді даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан ЖЖОКБҰ-да ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган өткізетін конкурс нәтижелері бойынша білім беру гранттары түрінде орналастырылады.
Философия докторларын (PhD)/бейіні бойынша докторларды/индустрия докторларын даярлауға, оның ішінде өңірлік ЖЖОКБҰ және ғылыми ұйымдар, мемлекеттік органдар үшін нысаналы даярлыққа мемлекеттік білім беру тапсырысы ЖЖОКБҰ-дағы меншік нысанына қарамастан конкурстық негізде орналастырылады.
Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган өткізетін конкурс нәтижесі бойынша ЖЖОКБҰ орналастырылады.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған ЖЖОКБҰ-ны қаржыландыруды оператор әкімшісі ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган болып табылатын тиісті бюджеттік бағдарламаларда көзделген қаражат шегінде жүзеге асырады.
Сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау жөніндегі қызметтердің әлеуетті өнім берушілерінің тізбесін қалыптастыру тәртібі белгіленген.
Бұйрық 2025 жылғы 17 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.