Қарағандыда кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алған шенеуніктерге айыппұл түрінде жаза тағайындалды

Пара, Қарағанды, кәсіпкерлер, шенеуніктер, айыппұл, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2025 17:13 Сурет: Zakon.kz
Қарағандыда облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары М. Ақбиев, Б. Мұқашев, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет субъектілері А. Балацкая, Х. Бекишев, Н. Бекшин және И. Андриенко сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған лауазымды тұлғалар Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотымен жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін сотталғаны нақтыланады.

"Лауазымды тұлғалар кедендік бақылау саласындағы жол берілген бұзушылықтар бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартпағаны үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды", делінген дүйсенбіде тараған ақпараттық хабарламада.

Антикордың мәліметінше, Ақбиев пен Мұқашевке тиісінше 21,7 млн теңге және 2,5 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

"Осы үкіммен пара берушілер А. Балацкая, Х. Бекишев, Н. Бекшин және И. Андриенко 540 мыңнан 3 млн теңгеге дейінгі айыппұлдар бойынша жазаланды". Антикор

Сонымен қатар, сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынады.

Сот актісі заңды күшіне енді. 

Бұған дейін Ұлытау облысында экология департаментінің басшысы пара алу кезінде ұсталғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: