Қазақстанда Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес жаңартылады

Нацфонд - детям, нацфонд детям, национальный фонд - детям, национальный фонд детям, выплаты детям, выплаты детям из национального фонда, выплаты детям из нацфонда, финансовая помощь детям, детские накопления, детские выплаты , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2025 12:07 Фото: Zakon.kz
ҰЭМ ҚР Президентінің "Республиканың Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы" жарлығының жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес (Кеңес) – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган құрылсын",- делінген құжатта.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің құрамы (лауазымы бойынша)

  • Қазақстан Республикасының Президенті – Кеңес төрағасы
  • Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы (келісім бойынша)
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы (келісім бойынша)
  • Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
  • Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы
  • Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Кеңестің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын (Қор) пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне жәрдем көрсету, ұсыныстар әзірлеу және қарастыру, сондай-ақ ұсынымдар әзірлдеу болып табылады.

Міндеттерін орындау үшін Кеңес келесі жұмыстарды атқарады:

  • қорды қалыптастыру мен пайдаланудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • қорды пайдаланудың көлемі мен бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу. Қор қаражатын облигациялық қарыздар нысанында пайдалану жөніндегі мәселелер қаралған жағдайда ұсыныстар әзірлеу тек жалпыхалықтық маңызы бар жобаларды сараптау нәтижелері негізінде ғана жүзеге асырылады;
  • қорды орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялау бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу;
  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы жыл сайынғы есепті қарау.
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • қаржыландырудың баламалы көздері болмаған кезде аса маңызды объектілер мен жалпыхалықтық маңызы бар жобаларды айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

Құжат 19 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Бұл ретте 2004 жылғы 28 желтоқсандағы бұрын қолданыста болған жарлықтың күші жойылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: