Маңғыстау облысында бірнеше педагогтың даярлықтан өту куәліктері жалған болып шықты

Педагог, Маңғыстау облысы, даярлықтан өту куәлігі, жалған, айыппұл, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2025 20:16 Сурет: freepik
Бейнеу ауданының прокуратурасы жалған куәлікпен жұмысқа тұрған жеті педагогты анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Прокуратура "Ә" есімді педагогтың 2024 жылы наурыз айында SDU University университетінің (Алматы қаласы) "Арнайы педагогика" мамандығы "логопед-дефектолог" біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы мектепте "педагог-психолог" лауазымын атқарғанын нақтылайды. 

"Осыған ұқсас деректер аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы тағы алты педагогтен анықталды. Аталған әрекеттер үшін, сот үкімімен жеті педагог Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға айыппұл жазасы тағайындалды". Маңғыстау облысының прокуратурасы

Бұған дейін Ақтөбеде облысының прокуратурасы өңірде кәмелетке толмағанды өлтірді деген күдікпен 10 адам сотқа тартылып жатқанын хабарлаған болатын

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: