Қыз зорлығы: Қаскелеңде сот залынан қашып кеткен күдікті екі аптадан кейін ұсталды

Алматы облысы ПД-ның жедел қызметкерлері ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, Ақши ауылында 1 сәуірде Қарасай ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотының аумағынан қашып кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Полиция іздестіру шаралары басталған сәттен облыстың полициясы және Ұлттық ұлан күштері толықтай жұмылдырылғанын айтады.
"Көршілес облыстардың аумақтық бөлімшелері де іздеу жұмыстарына тартылды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қашқынның қозғалу бағыты анықталып, полицейлер оның жасырынған жерін тапты. Арнайы бөлім сарбаздарының күшімен күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген полиция хабарламасында.
Негізгі қылмысынан бөлек, оған қамаудан қашқаны үшін Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша қосымша айып тағылды.
Бұған дейін Қаскелеңде сот залынан күдіктінің қашып кеткені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript