Асхат Аймағамбетов: МӘМС бойынша жарналар қосымша салыққа айналмауы тиіс

Асхат Аймағамбетов: МӘМС бойынша жарналар қосымша салыққа айналмауы тиіс, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2025 10:29 Сурет: primeminister.kz
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов 2025 жылғы 17 сәуірде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілетін өзгерістер жайлы көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ойынша, өзгерістер тек кепілдендірілген көмекті қысқартуға немесе халық пен бизнеске қосымша ауыртпалық жүктеуге айналмауы тиіс.

Аймағамбетов алаңдатып отырған негізгі екі мәселеге тоқталып өтті. Ең алдымен, кепілдендірілген көмек көлемінің (ТМККК) қысқаруы.

"Заң жобасында медициналық көмектің көп бөлігін МӘМС пакетіне көшіру ұсынылған.Бірақ алғашқы тексеріс пен базалық диагностика ТМККК аясында қалуы тиіс.Бұл әсіресе сақтандырылмаған азаматтар үшін маңызды — профилактиканың негізі. Егер адам учаскелік дәрігерге тегін көріне алмаса, жүйенің мағынасы жоғалады",- деп түсіндірді ол.

Екінші мәселе, жарна мөлшерінің артуы. Яғни, өзгерісте жұмыс беруші мен қызметкерден алынатын жарна шегін арттыру ұсынылған.

"Әділеттілік қажет, бірақ бизнес пен азаматтардың мүмкіндігін ескеру керек.Жарнаны салыққа айналдыруға болмайды.Балама мен ынталандырусыз шекті арттыру — жүйені шамадан тыс жүктеуге апарады",- деді ол.

Сондай-ақ, ол әрі қарай не істеуге болатындығы жайлы да жазды.

  • Алғашқы тексеріс пен базалық диагностика ТМККК аясында қалуы тиіс.Жедел жәрдем, скринингтер, онкологиялық, туберкулез, ВИЧ сияқты әлеуметтік маңызы бар аурулар ТМККК аясында қалды.
  • Жеке медициналық жинақ шотын енгізу. Оны азамат мынадай қызметтерге жұмсай алады: ерікті сақтандыру, стоматология, оңалту, қосымша ем, дәрі-дәрмек т.б.
  • МӘМС жүйесіне қатысып, өз денсаулығына мән беретін азаматтарға ынталандыру жүйесін енгізу. Жарна төлеп, тексеруден уақытылы өтіп жүрген азаматтарға: стационардағы жайлылықты арттыру, дәріхана, фитнес және клиникаларда жеңілдіктер, профилактикалық тексерулерге бонус алу мүмкіндігіне ие болуы керек.
  • Өңірлер арасындағы төлем теңсіздігін жою. Әсіресе жеңілдік санаттарына қатысты әділетті механизм қажет.

Депутат мұнымен қоса, цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізуді ұсынды. Бұл есеп пен талдауды жеңілдетеді.

Қорытындылай келе ол, бұл ұсыныстар әлі де талқылану үстінде екенін, қорытынды шешімдер әлі қабылданбағанын атап өтті.

Бұған дейін Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алу ережелері өзгертетіндігі хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: