Сәуір айында заңсыз айналымнан 13,5 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

Ішкі істер министрлігі мәліметі бойынша, сәуір айында республика бойынша есірткі айналымына қарсы операциялар жүргізіліп, есірткі сатудың 37 фактісі және синтетиканы сақтаудың 37 дерегі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство нақтылап өткендей, заңсыз айналымнан 13,5 келі синтетика тәркіленді.
"Оның қара нарықтағы құны шамамен 405 млн теңгені құрайды. 29 адам ұсталып, уақытша изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.
Бұған дейін Қарағандыда есірткімен айналысқан күдіктіден қару-жарақ табылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript