Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарына лицензия беру: өзгерістер енгізілді

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарына лицензия беру: өзгерістер енгізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2025 12:18 Сурет: Қызылорда облысының туризм басқармасы
Мәдениет және ақпарат министрі 2025 жылғы 15 сәуірдегі бұйрықпен "тарих және мәдениет ескерткіштерінде және (немесе) археологиялық жұмыстарда ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізді.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметті ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Мәдениет комитеті көрсететіні нақтыланды.

Бұл ретте, ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда лицензияны алу немесе заңды тұлға-лицензиат бөлініп шығу және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайларда лицензияны қайта ресімдеу кезінде, жауапты орындаушыекі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарайды.

Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.

Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешімін алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оған қарсылығын ұсынады немесе айтады.

Көрсетілетін қызметті алушы Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде жауапты орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның басшысына бұрыштама қоюға (қол қоюға) жолдайды.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне бұрыштама қойылғаннан (қол қойғаннан) кейін көрсетілетін қызметті алушы порталдағы жеке кабинетте көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында лицензияны немесе негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды алады.

Бұйрық 2025 жылғы 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: