Алматыда тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының ережелері бекітілді

Ремонт тепловых сетей, ремонт теплосетей, ремонт системы водоснабжения, теплосеть, ремонтные работы, трубы для теплосетей, прокладка тепловых сетей, прокладка тепловых сетей, прокладка труб, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2025 15:41 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі қаулысымен қаланың тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымының авариялық-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу ережесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қағида Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" заңдарына сәйкес әзірленді.

Дайындық іс-шаралары:

Қалпына келтіру жұмыстарын кідіріссіз жүргізуді, жол жабындарын ашуды, көшелерді, алаңдарды және басқа да ортақ пайдаланылатын орындарды қазуды талап ететін инженерлік желілердегі авариялар кезінде пайдаланушы ұйым аумақтылығы бойынша Алматы қаласының тиісті ауданы әкімінің аппаратын хабардар етеді.

Алматы қаласы тиісті аудан әкімінің аппараты энергетика және сумен жабдықтау, автомобиль жолдары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік атқарушы органдарға және Полиция департаментіне тиісті шаралар қабылдау туралы хабарлайды.

Қоршаған ортаға зиян келтірілген жағдайда Алматы қаласының тиісті ауданы әкімінің аппараты қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органды, су құбыры және/немесе кәріз желілерінде авария болған жағдайда – санитариялық-эпидемиологиялық қызметті хабардар етеді.

Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік орган және қаланың Полиция департаменті автомобиль жолдарындағы апат туралы хабарлама алу бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде қажетті шараларды қабылдайды.

Сыртқы инженерлік желілердің аварияларын жою

Аварияны жою жөніндегі жұмыстар инженерлік желілерді пайдаланушы ұйымдарға жүктеледі.

Аварияны жою жөніндегі жұмыстар қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес және (немесе) көлік құралдарының жүруін ескере отырып, қорғаныш қатты қоршаулар, ескерту белгілері, объект паспорты, түнгі уақытта сигналдық жарықтандыру орнатыла отырып жүргізіледі.

Асфальтбетон жабыны бұзылған кезде орды қайта толтыру құмды, ірі малтасты топырақпен, қиыршық тасты немесе басқа да сығылмайтын (деформация модулі 20 мегапаскаль және одан да көп) жергілікті материалдармен, цементтеу қасиеті жоқ, қабатты тығыздағышпен жүргізіледі.

Қалпына келтіру жұмыстары, жол төсемінің ені үш метрден жеті метрге дейін болған кезде, асфальтбетон төсемі қазу ұзындығы бойынша қолданыстағы жолдың бүкіл еніне, ені жеті метрден асқан кезде қазу ұзындығы бойынша жол осінен өтетін жолдың бүкіл еніне қалпына келтіріледі.

Күзгі-қысқы кезеңде асфальтбетон жабынын қазуға байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыстарды жүргізуге жауапты ұйым қазу орындарын ордың бүкіл ені бойынша бетон плиталарымен және тротуар тастарымен (төсемшелермен) төсеуді және асфальтбетон жабыны толық қалпына келтірілгенге дейін оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Қалпына келтіру жұмыстарын апат болған сәттен бастап 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде аяқтау қажет.

Қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін пайдаланушы ұйым автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік органға және Алматы қаласының тиісті аудан әкімінің аппаратына автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдарға сараптама қорытындысын ұсынады.

Қалпына келтірілген асфальтбетон жабынының сәйкессіздігі туралы сараптаманың теріс қорытындысы болған кезде мердігер бұзушылықтар мен ақауларды жою жөніндегі іс-шараларды 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Мердігердің сараптама қорытындысына сәйкес бұзушылықтар мен ақауларды жою нәтижелері бойынша тапсырыс беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік органды жазбаша хабардар етеді.

Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның құрылыс жұмыстарын жүргізу ережелері белгіленді.

Қаулы 2025 жылғы 11 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: