Маңғыстауда жартастағы батпиған жазу өңір тұрғындарының ашуын туғызды

Вандализм, Маңғыстау, тастағы жазу, Ұштаған, видео, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2025 19:39 Сурет: видеодан алынды
Маңғыстау облысында теңізге келген демалушылар артын жианамай, қоқыстарын шашып, сондай-ақ жартасқа қызыл бояумен "Ұштаған" деп жазып кеткен. Осы оқиғаны сипаттайтын видео әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодағы әйел олардың Ұштаған ауылынан болуы мүмкін екенін болжайды, деп хабарлайды "Лада" порталы полицияның аталған жағдайға қатысты пікірін келтіре отырып:

"Аталған факті бойынша жартасқа жазу жазу және қоқыс тастауға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде. Аталған адамдарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік хаттама толтырылады". Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін, 2023 жылы тамызда Ақтаудағы борлы тауға бір ер адам қашап жазу қалдырғанын хабарлағанбыз. Кейіннен вандалдың Ақтөбедегі зағиптарға арналған мәдениет үйінің басшысы болып шықты. Ол жартаста жазылған дөрекі сөзді түзетуге тырысқанын түсіндіріп, кешірім сұрады. Содан кейін шенді жұмыстан қуылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: