ҚР-да шетелдік дипломдарды тану: ережеге өзгерістер енгізілді

ҚР-да шетелдік дипломдарды тану: ережеге өзгерістер енгізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 13:33 Сурет: freepik
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі бұйрығымен Білім туралы құжаттарды тану ережесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, ережелер шетелдік білім беру ұйымдарында, оның ішінде олардың филиалдарында, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке тұлғалардың жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттарды тану тәртібін айқындайтыны нақтыланады.

Үш халықаралық академиялық рейтингке кіретін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (ЖЖОКБҰ) берген білім туралы құжаттар және олардың екеуінің және одан да көпінің алғашқы 250 (екі жүз елу) позицияларының қатарында (әлемнің үздік университеттерінің әлемдік рейтингі Квакарелли Симондс (QS World University Rankings, Кьюес World University Ranking), академиялық рейтинг әлемдік университеттердің академиялық Ранкингі, Академик Ранкинг оф World University), Times басылымының (Times Higher Education World University Rankings) нұсқасы бойынша әлемнің үздік университеттерінің рейтингі, Times Hyer Education World University Ranking), беру кезінде білім туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау арқылы ғана танылады.

Тану негізінде Министрлік нысан бойынша куәлік береді.

Білім туралы құжаттарды тану рәсімінен мынадай адамдар өтпейді:

  • "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері;
  • танудан босататын мынадай құжаттарға немесе халықаралық шарттарға (келісімдерге) қол қойған елдердің білім беру ұйымдарының білімі туралы құжаттардың иелері:

- "Білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы" Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 1992 жылғы 15 мамырдағы келісімі (бұл ретте 1992 жылғы 15 мамырдан кейін ТМД-ға қатысушы елдер берген білім туралы құжаттар белгіленген тәртіппен тану рәсімінен өтеді);

- Еуразиялық экономикалық одақ туралы 2014 жылғы 29 мамырдағы Шарт (мүше мемлекеттердің аумағында еңбек қызметін жүзеге асыратын еңбекші-мигранттарға қолданылады);

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің 2017 жылғы 9 қарашадағы Қазақстандық филиалының жұмыс істеуі туралы келісім;

  • ҚР-да халықаралық шарттар негізінде немесе ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша жұмыс істейтін шетелдік жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары мен шетелдік оқу орындары берген жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың иегерлері.

Бі­лім ту­ра­лы құ­жат­ты та­ну ту­ра­лы ку­ә­лік­ті алу үшін мы­на­дай құ­жат­тар ұсы­ны­ла­ды:

Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де:

  • но­та­ри­ус ку­әлан­дыр­ған се­нім­хат негі­зін­де ие­ле­ну­ші­нің неме­се уәкі­лет­ті өкіл­дің цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі (же­ке ба­сын сәй­кестен­ді­ру үшін) ар­қы­лы же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын және (неме­се) элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы құ­жат;
  • ны­сан бой­ын­ша бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­ды та­ну ту­ра­лы өті­ніш;
  • заң­да­сты­ры­л­ған неме­се апо­стиль­ден­ген бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың және оған қо­сым­ша­ның кө­шір­ме­сі мөр­дің аудар­ма­сын қо­са ал­ған­да, қа­зақ немес орыс ті­лін­де­гі но­та­ри­ус ку­әлан­дыр­ған аудар­ма­сы­мен (егер құ­жат то­лы­ғы­мен шет ті­лін­де бол­са).

Құқық­тық кө­мек ту­ра­лы ха­лы­қа­ра­лық шар­тқа (ке­лі­сім­ге) қа­ты­су­шы ел­де бі­лім ту­ра­лы құ­жат бе­рі­л­ген кез­де, егер бұл шарт (ке­лі­сім) бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­ды заң­да­сты­ру­дан және (неме­се) апо­стиль­де­уден боса­ту­ды көз­де­се неме­се мұн­дай шарт (ке­лі­сім) бол­ма­ған жағ­дай­да, бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың және оған қо­сым­ша­ның кө­шір­ме­сі, сон­дай-ақ мөр­ді, мөр­та­бан­ды ауда­ру­ды қо­са ал­ған­да, қа­зақ немес орыс ті­лін­де­гі но­та­ри­ус ку­әлан­дыр­ған аудар­ма (егер құ­жат то­лы­ғы­мен шет ті­лін­де бол­са) ұсы­ны­ла­ды.

Осы тар­мақ­та көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­дың қа­зақ неме­се орыс тіл­де­ріне ауда­ры­луын ку­әлан­ды­ру­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да­ғы но­та­ри­ус неме­се құ­жат бе­рі­л­ген ел­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ди­пло­ма­ти­я­лық қыз­мет ор­ган­да­ры жү­зе­ге асы­ра­ды.

Ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар шек­теу іс-ша­ра­ла­рын жү­зе­ге асыр­ған, тө­тен­ше жағ­дай ен­гі­зі­л­ген, бел­гі­лі бір аумақ­та әле­умет­тік, та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­лар­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың және оған қо­сым­ша­ның кө­шір­ме­сін, олар­дың қа­зақ неме­се орыс ті­лін­де­гі но­та­ри­ус ку­әлан­дыр­ған аудар­ма­ла­ры­мен бір­ге (егер құ­жат то­лы­ғы­мен шет ті­лін­де бол­са) мөр­ді, мөр­та­бан­ды ауда­ру­ды қо­са ал­ған­да ұсы­на­ды.

  • ҚР бей­ре­зи­дент­те­рі үшін – бі­лім ту­ра­лы құ­жат ие­сі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың кө­шір­ме­сі (қа­зақ неме­се орыс ті­лін­де­гі но­та­ри­ус ку­әлан­дыр­ған аудар­ма­сы бар).
  • тө­лем ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (сұ­рау са­лу­ға жа­у­ап бол­ма­ған кез­де қай­та жү­гін­ген кез­де та­лап етіл­мей­ді);
  • егер бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың ие­сі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің жол­да­ма­сы бой­ын­ша оқу­дан өт­кен бол­са, бұй­рық­тың кө­шір­ме­сі не ти­іс­ті ЖЖОК­БҰ-ға жі­бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­тан үзін­ді кө­шір­ме қо­са бе­ріл­сін.

пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де:

  • ны­сан бой­ын­ша бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­ды та­ну ту­ра­лы өті­ніш;
  • заң­да­сты­ры­л­ған неме­се апо­стиль­ден­ген бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың және оған қо­сым­ша­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі және мөр­дің аудар­ма­сын қо­са ал­ған­да, қа­зақ немес орыс ті­лін­де­гі но­та­ри­ус ку­әлан­дыр­ған аудар­ма­сы­мен (егер құ­жат то­лы­ғы­мен шет ті­лін­де бол­са).

Құқық­тық кө­мек ту­ра­лы ха­лы­қа­ра­лық шар­тқа (ке­лі­сім­ге) қа­ты­су­шы ел­де бі­лім ту­ра­лы құ­жат бе­рі­л­ген кез­де, егер бұл шарт (ке­лі­сім) бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­ды заң­да­сты­ру­дан және (неме­се) апо­стиль­де­уден боса­ту­ды көз­де­се неме­се мұн­дай шарт (ке­лі­сім) бол­ма­ған жағ­дай­да, бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың және оған қо­сым­ша­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі, сон­дай-ақ мөр­ді, мөр­та­бан­ды ауда­ру­ды қо­са ал­ған­да, қа­зақ немес орыс ті­лін­де­гі но­та­ри­ус ку­әлан­дыр­ған аудар­ма (егер құ­жат то­лы­ғы­мен шет ті­лін­де бол­са) ұсы­ны­ла­ды.

Осы тар­мақ­та көр­се­ті­л­ген құ­жат­тар­дың қа­зақ неме­се орыс тіл­де­ріне ауда­ры­луын ку­әлан­ды­ру­ды Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да­ғы но­та­ри­ус неме­се құ­жат бе­рі­л­ген ел­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ди­пло­ма­ти­я­лық қыз­мет ор­ган­да­ры жү­зе­ге асы­ра­ды.

Ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ор­ган­дар шек­теу іс-ша­ра­ла­рын жү­зе­ге асыр­ған, тө­тен­ше жағ­дай ен­гі­зі­л­ген, бел­гі­лі бір аумақ­та әле­умет­тік, та­би­ғи және тех­но­ген­дік си­патта­ғы тө­тен­ше жағ­дай­лар туын­да­ған жағ­дай­лар­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың және оған қо­сым­ша­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сін, олар­дың қа­зақ немес орыс ті­лін­де­гі но­та­ри­ус ку­әлан­дыр­ған аудар­ма­ла­ры­мен бір­ге (егер құ­жат то­лы­ғы­мен шет ті­лін­де бол­са) мөр­ді, мөр­та­бан­ды ауда­ру­ды қо­са ал­ған­да ұсы­на­ды.

  • ҚР бей­ре­зи­дент­те­рі үшін – бі­лім ту­ра­лы құ­жат ие­сі­нің же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі (қа­зақ немес орыс ті­лін­де­гі но­та­ри­ус ку­әлан­дыр­ған аудар­ма­сы бар).
  • тө­лем ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (сұ­рау са­лу­ға жа­у­ап бол­ма­ған кез­де қай­та жү­гін­ген кез­де та­лап етіл­мей­ді).
  • Егер бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тың ие­сі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қор­ға­ныс ми­ни­стр­лі­гі­нің, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік ко­ми­те­ті­нің, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Іш­кі іс­тер ми­ни­стр­лі­гі­нің жол­да­ма­сы бой­ын­ша оқу­дан өт­кен бол­са, бұй­рық­тың кө­шір­ме­сі не ти­іс­ті ЖЖОК­БҰ-ға жі­бе­ру ту­ра­лы бұй­рық­тан үзін­ді кө­шір­ме қо­са бе­ріл­сін.

Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның "же­ке ка­би­не­тіне" мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге сұ­рау са­лу­ды қа­был­дау/бас тар­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік қыз­мет нәти­же­сін алу кү­ні мен уа­қы­ты көр­се­ті­л­ген ха­бар­ла­ма жі­бе­рі­ле­ді.

Өтініш беруші сараптама кеңесінің теріс шешімі негізінде қабылданған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаппен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы еркін нысанда апелляциялық өтініш береді.

Апелляциялық өтініш танудан бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік 90 күн ішінде беріледі.

Бұйрық 2025 жылғы 23 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: