Кентау өнеркәсіптік аймағы 2075 жылға дейін төтенше экологиялық жағдай аймағы болып жарияланды

Экология және табиғи ресурстар министрі 2025 жылғы 23 сәуірдегі "Түркістан облысы Кентау қаласының өнеркәсіптік аймағының аумағын төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жариялау туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Түркістан облысы Кентау қаласының 900 га аумағы төтенше экологиялық жағдай аймағы болып жариялансын", – делінген құжатта.
Төтенше экологиялық жағдай аймағына солтүстіктен Түркістан облысының Кентау қаласына іргелес жатқан ауданы 900 га Өнеркәсіптік аймақтың аумағы жатады. Онда адамдар тұрмайды.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Өнеркәсіптік аймақ аумағының төтенше экологиялық жағдай аймағының қолданылу мерзімі – 2075 жылғы 1 қаңтарға дейін.
Түркістан облысының әкімдігіне мынадай шараларды енгізуді қарастыру тапсырылды:
- кіру мен шығудың ерекше режимін белгілеу, көлік құралдарының қозғалысын шектеу;
- қызметі төтенше экологиялық жағдайды жоюға немесе халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты емес жаңа кәсіпорындар мен басқа да объектілерді салуға және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге тыйым салуды белгілеу;
- халықты тұрақты немесе уақытша тұруға арналған үй-жайларды міндетті түрде бере отырып, адамдардың тұруы үшін қауіпті орындардан көшіру;
- экологиялық қауіптілігі жоғары деп танылған объектілерді салуға және олардың жұмыс істеуіне тыйым салу;
- сауықтыру, курорттық мақсаттағы объектілердің жұмыс істеуіне тыйым салу;
- адамдарға, өсімдіктерге, жануарлар әлеміне және басқа да табиғи объектілерге жоғары экологиялық қауіп төндіретін кез келген басқа қызметті жүзеге асыруға тыйым салу немесе шектеу.
- Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімдігіне:
- тиісті аумақтағы қолайсыз экологиялық ахуал деңгейін тұрақтандыру және төмендету жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
- Экологиялық кодекстің 409-бабына сәйкес төтенше экологиялық жағдай аймағындағы экологиялық ахуалдың мониторингін қамтамасыз ету.
Бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript