Қазақстандықтарды әлеуметтік әмиян арқылы мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етеді

Ережелермен анықталған:
- "әлеуметтік әмиян" – жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабарлауға (хабархат), есепке алуға және алуға (көрсетуге) арналған ақпараттандыру объектісі;
- жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдарды, заң кеңесшілерін қоспағанда, жеке тұлғалардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер немесе өзге де мемлекеттік қолдау нысандары; 4) қысқа мәтіндік хабарлама (бұдан әрі – SMS-хабарлама) – ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша байланыс операторы көрсететін қызмет;
"Әлеуметтік әмиян" абоненттік ұялы байланыс құрылғысы арқылы жеке тұлғаларды хабардар ету (хабархат) және қолдау шараларын ұсыну үшін пайдаланылады.
Жеке тұлғаларға қолдау шараларын ұсыну, сондай-ақ дербес деректерді жинау, өңдеу туралы хабарламалар (хабархаттар) жеке тұлғалардың "әлеуметтік әмияндағы" жеке кабинеттеріне және (немесе) мобильді азаматтар базасында тіркелген жеке тұлғалардың ұялы байланыс құрылғыларына SMS-хабарламалар арқылы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Көрсетілген қолдау шараларын есепке алу көрсетілген қолдау шараларының тиімділігін талдау мүмкіндігімен "әлеуметтік әмиянның" тіркеу модульдері арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
Қолдау шараларын көрсету өлшемшарттарына сәйкес келетін жеке тұлғалар дербес деректерді жинауға, өңдеуге және қолдау шараларын SMS-хабарламалар арқылы алуға келісім береді.
Қолдау шараларын көрсету жөніндегі қабылданған шешім туралы хабарламалар жеке тұлғалардың "әлеуметтік әмияндағы" жеке кабинеттеріне 1 (бір) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Бұдан бөлек, "Әлеуметтік әмиян" арқылы хабарлама (хабархат) және есепке алу шартымен өзге ақпараттандыру объектілері арқылы қолдау шараларын көрсетуге рұқсат етіледі.
Қолдау шараларын көрсетуге қатысы бар мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ақпараттандыру объектілері, ақпараттық жүйелері деректер алмасуды және синхрондауды қамтамасыз ету үшін "әлеуметтік әмиянмен" интеграцияланады.
Қолдау шараларын көрсетудің тікелей субъектісі болып табылмайтын өзге ақпараттық жүйелер "әлеуметтік әмиянға" ведомствоаралық келісімдер негізінде және ақпарат алмасу мақсатында қосылады.
Бұйрық 30 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.