Атырауда жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапты

Атырауда 2025 жылы 26 маусымда КАМАЗ бен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан бір жолаушы алған ауыр жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жол апаты 26 мамырда шамамен 15-00-де Доссор-Атырау тасжолының Геолог ықшам ауданы аумағында болған.
"Құм тиеген Камаз жүк көлігін тізгіндеген 1976 жылғы жүргізуші екінші деңгейлі жолдан бастысына шыққанда 1990 жылғы азаматтың басқаруындағы Wall Wingle5 соқтығысып, салдарынан жеңіл көліктегі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 1963 жылғы азамат оқиға орнында көз жұмды", деп нақтылайды Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары жол қозғалысының әр сәті жауапкершілікке және саналы түрде қабылданатын қадамдардан тұруы тиіс екенін еске салады.
Бұған дейін Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында жантүршігерлік жол апаты болғаны хабарланған. Жүргізуші жол жиегінде тұрған екі жасөспірімді қағып кетті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript