Тоқаев жоғары офицерлік құрамға арнаулы атақтар беру және одан айыру қағидаларын бекітті

Подписание законов, назначения, президент подписал, резиденция президента , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2025 14:16 Фото: Zakon.kz
Президент жарлықпен жоғары басшы құрамға арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді беру, төмендету, айыру және арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді қалпына келтіру немесе жоғары офицерлік құрамға арнаулы атақтар беру, төмендету, айыру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, жоғары басшы құрамның арнаулы атақтары немесе сыныптық шендері немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атақтары Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен беріледі.

Жоғары басшы құрамның арнаулы атағы, сыныптық шені немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағы:

  • генерал-майор, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші қызметкерге жоғары басшы құрам немесе жоғары офицерлік құрам лауазымының алдындағы лауазымда полковник, аға кеңесші атағында болғанына үш жыл өткеннен кейін және жоғары басшы құрам немесе жоғары офицерлік құрам лауазымында кемінде бір жыл қызмет еткеннен кейін берілуі мүмкін;
  • генерал-лейтенант, 2-сыныпты мемлекеттік кеңесші кемінде үш жыл генерал-майор, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші арнаулы атағында, сыныптық шенінде болған қызметкерге берілуі мүмкін;
  • генерал-полковник, 1-сыныпты мемлекеттік кеңесші кемінде үш жыл генерал-лейтенант, 2-сыныпты мемлекеттік кеңесші арнаулы атағында, сыныптық шенінде болған қызметкерге берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша жоғары арнаулы атақ, сыныптық шен мерзімінен бұрын берілуі мүмкін.

Қызметкерде алынбаған тәртiптiк жазасы болғанда не егер оған қатысты қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатса, ол жоғары басшы құрамның арнаулы атағын, сыныптық шенін немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағын беруге ұсынылмайды.

Жоғары басшы құрамның арнаулы атағын, сыныптық шенін немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағын беру туралы ұсынымды (бұдан әрі – ұсыным) Қазақстан Республикасының Президенті атына:

  • мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі – Әкімшілік) басшы лауазымды адамдары бойынша – Әкімшілік Басшысы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) басшы лауазымды адамдары бойынша – Үкімет Аппаратының Басшысы;
  • басқа басшы лауазымды адамдар бойынша тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы енгізеді.

Ұсынымда қызметкердің кәсіптік және жеке қасиеттері, атқарып отырған лауазымындағы қызмет әрекетінің негізгі көрсеткіштері (тағайындалған кезден бастап динамикамен) көрсетіледі.

Ұсынымға мыналар қоса беріледі:

  • мемлекеттік орган алқасының* арнаулы атақ немесе сыныптық шен беруге қызметкердің кандидатурасын қарау туралы шешімінің көшірмесі (үзінді көшірмесі);
  • қызметкердің қызметтік тізімі;
  • қызметкердің өмірбаяны.

Әкімшілікке ұсынылған материалдар құжаттардың ресімделу сапасына және толық тізбесінің болуына тексеру жүргізу үшін Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөліміне жіберіледі, оны жүзеге асыру мерзімі үш жұмыс күнінен аспайды.

Ұсынылған құжаттар көрсетілген тексеру жүргізілгеннен кейін Әкімшілік Басшысына қарауға беріледі, ол ұсынылған кандидаттарды зерделеу жөнінде тапсырма береді.

Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөлімі белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан жоғары басшы құрамның арнаулы атағын, сыныптық шенін немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағын беруге ұсынылған кандидаттар бойынша қажетті ақпарат пен материалдар сұратады.

Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөлімі әрбір кандидат бойынша алынған және бес жұмыс күні ішінде жинақталған ақпаратты және Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын түпкілікті шешімді қабылдау үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне қарауға енгізеді.

Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын немесе сыныптық шендерін немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атақтарын төмендету және қалпына келтіру

Жоғары басшы құрамның арнаулы атағын немесе сыныптық шенін немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағын бiр сатыға төмендету Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жүзеге асырылады.

Басшылардың ұсынымы (өтінішхаты) бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша қолданылады.

Арнаулы атақты немесе сыныптық шендi бiр сатыға төмендету түріндегі тәртiптiк жаза қолдану Қазақстан Республикасының Президенті қабылдаған шешімді қоспағанда, қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жүргізіледі.

Қызметтік тергеп-тексеру материалдарын, сондай-ақ арнаулы атақты немесе сыныптық шендi бiр сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымды (өтінішхатты) мемлекеттік орган және Үкімет Аппараты қызметтік тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Әкімшілікке жібереді. 

Әкімшілікке ұсынылған материалдар олардың толықтығына тексеру жүргізу үшін Әкімшіліктің Құқық қорғау жүйесі бөліміне жіберіледі және олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.

Ұсынылған құжаттар көрсетілген тексеру жүргізілгеннен кейін бір күн ішінде Әкімшілік Басшысына қарауға беріледі, ол Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын дайындау жөнінде тапсырма береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің арнаулы атақты немесе сыныптық шендi бiр сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы Жарлығын мемлекеттік органның және Үкімет Аппаратының кадр қызметі (бөлімшесі) қол қойғызып хабарлайды және жеке іске қоса тіркеледі.

Арнаулы атақты немесе сыныптық шенді бір сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешімге шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.

Егер арнаулы атақты немесе сыныптық шенді бір сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жаза қолданылған күннен бастап алты ай ішінде қызметкерге жаңа жаза қолданылмаса, онда оның тәртіптік жазасы жоқ деп саналады. Бұл ретте қызметкердің бұрынғы арнаулы атағы немесе сыныптық шені қалпына келтірілді деп саналмайды. 

Жоғары басшы құрамның бұрынғы арнаулы атағын немесе сыныптық шенін немесе жоғары офицерлік құрамның бұрынғы арнаулы атағын қалпына келтіру басшылардың ұсынымы бойынша төмендетілген кезден бастап кемінде бір жылдан соң, Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша төмендету мерзіміне қарамастан Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жүзеге асырылады

Жарлық 2025 жылғы 21 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: