Семейде жоғалып кеткен жеті жасар бала аман-есен табылды

Жоғалған баланы 22 маусымда таңертең Затон полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Бекен Асыл мен Дархан Жұмағалиев тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Семей қаласында 21 маусымда кешке хабар-ошарсыз кеткен жеті жасар баланың қайда екенін анықтау бойынша ауқымды іздеу операциясы басталды. Полицейлердің табандылығы мен кәсібилігінің арқасында іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды өңірдің ПД баспасөз қызметі.
"Полиция аталған жағдайға бей-жай қарамай, іздеу жұмыстарына қатысқан баршаға алғыс білдіреді", делінген хабарламада.
Жоғалған бала үйінен шамамен 10 шақырым қашықтықтағы орманнан табылды. Оны Затон полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тапты. Қиын жағдайға қарамастан, полиция қызметкерлері іздеуді бір сәтке де тоқтатпады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript