"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы қандай номинациялар бойынша табысталады

Государственные символы Казахстана, флаг Казахстана, госсимволы Казахстана, Казахстан, государственный флаг Казахстана, флаг РК, флаг Республики Казахстан, перепись населения, население, численность населения, население Казахстана, население РК, рост населения, рост населения в РК, рост населения в Казахстане, народ, казахстанцы, молодежь, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2025 16:55 Фото: Zakon.kz
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 13 маусымдағы бұйрығымен "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыйлық келесі номинациялар бойынша табысталады:

  1. Әдебиет
  2. Ғылым
  3. Дизайн және бейнелеу өнері
  4. Журналистика
  5. Классикалық музыка
  6. Қоғамдық қызмет (бұрын – "Креативті бастамалар")
  7. Спорт
  8. Театр және кино
  9. Эстрада
  10. Халық шығармашылығы

Бірінші кезеңде үміткерлерді жан-жақты қарастыру үшін комиссия мүшелерінен 6 секция құрылады:

  • "Эстрада, классикалық музыка, халық шығармашылығы"
  • "Әдебиет, театр және кино"
  • "Журналистика және қоғамдық қызмет"
  • "Спорт"
  • "Дизайн және бейнелеу өнері"
  • "Ғылым"

Комиссия шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс тең түскен жағдайда төраға жақтаған шешім қабылданған болып саналады. Қажетті дауыс саны жетпесе, сыйлық берілмейді. Жиналысқа комиссия мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, ол заңды деп есептеледі.

Конкурс нәтижелері бойынша хаттаманың жобасы уәкілетті органның интернет-ресурсында 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей жарияланады.

Комиссия шешімі негізінде уәкілетті орган сыйлық беру туралы бұйрық шығарады.Бұйрық БАҚ пен интернет-ресурстарда жарияланады. Жеңімпаздарға марапат салтанатты түрде табысталады.

Ақшалай сыйақы лауреаттың банк шотына бұйрық шыққан күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде аударылады.

Министрлік түсіндіргендей, қоғамдық қызмет жастардың азаматтық белсенділігін арттырады. Белсенді жастарды қолдау – олардың ары қарай дамуына, қоғамға үлес қосуына және басқа жастарға шабыт болуына ықпал етеді.

Мұндай қызмет түрлеріне жатады:

  • Қоршаған ортаны қорғау
  • Сыбайлас жемқорлықпен және құқықбұзушылықпен күрес
  • Мүмкіндігі шектеулі жандар мен мұқтаждарға көмек
  • Мәдени-ағартушылық қызмет
  • Балалармен және жасөспірімдермен жұмыс
  • Қаңғыбас жануарларды қорғау және қамқорлық

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы – ғылымда, шығармашылықта, спортта және қоғамдық қызметте жоғары жетістіктерге жеткен 35 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтарына жыл сайын табысталады. Үміткерлер – республикалық және халықаралық деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері немесе өз саласының дамуына үлес қосып жүрген инновациялық тұлғалар болуы тиіс.

Бұйрық 2025 жылғы 4 шілдеден бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: