Фейк пен жалған медиа контентті тарату фактілері жиілеп тұр - Бас прокуратура

Медиа контент, блогер, фейк, Бас прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2025 18:57 Сурет: unsplash
ҚР Бас прокуратурасы 2025 жылы 21 шілдеде шындыққа сай келмейтін ақпарат пен жалған медиа контентті тарату фактілері жиілеп тұрғанын еске салып, жаңа заңнамалық ұғымдарға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылдан қыркүйек айынан бастап елімізде "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" жаңа заң қолданысқа енгізілген. Оған мынандай жаңа заңнамалық ұғымдар енгізілген: инфлюенсер немесе блогер, жалған ақпарат.

"Тұлғалардың беймәлім тобына арналған ақпаратты кәсіпкерлік қызмет мақсатында жариялайтын онлайн-платформаны пайдаланушы инфлюенсер немесе блогер деп саналады. Шындыққа сай келмейтін не қамтылған фактілер едәуір бұрмаланған, жалған түсінік қалыптастыратын ақпарат жалған болып табылады. Заң шығарушы онлайн-платформа ретінде интернет-ресурсты, интернет желісіндегі бағдарламалық қамтылымды, контентті алуға, жасауға, орналастыруға, таратуға және сақтауға арналған лездік хабар алмасу сервисін анықтаған", делінген хабарламада. 

Ең бастысы. Заң онлайн платформаларды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін бекіткен.

Онда демократиялық принциптер – сөз  бостандығына, кез-келген тыйым салынбаған тәсілмен ақпарат алуға және таратуға құқық сақталған.

"Бұл контентті еркін орналастыру және онлайн платформаларда өз пікірін білдіру туралы Заңның нормаларында көрініс тапты. Бұған дейін тек таратылатын ақпараттың шынайылығын тексеру қажет болған. Егер бұл жасалмаса, яғни оның жалған болып шығу қаупі басқа адамның қорғалатын конституциялық құқықтарына әсер етеді және бұзады, содан кейін жаңа Заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілік мәселесі туындайды. Атап айтқанда, ӘҚБтК-нің 456-2-бабы бойынша, ал дәлірек жалған ақпаратты орналастыру, тарату үшін. Бұл жағдайда құқық бұзушылық субъектісіне байланысты, блогер, жеке тұлға болсын немесе заңды тұлға сот кінәліге 20-дан 250 АЕК-ке дейін айыппұл салуға құқылы". Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Мұндайда құқық бұзушыға 78 мыңнан 980 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуге тура келеді.

Бір жыл ішінде қайталанған дәл осындай бұзушылық соттың неғұрлым қатаң шара – 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды қолдануына әкеліп соғады.

"Егер көрінеу жалған ақпарат таратылатын болса, ол қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке елеулі зиян келтіру қаупін төндірсе, онда бұл әрекеттер Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылықты көздейді. Көрінеулік деген тұлғаның хабарлаған ақпаратының  жалғандығына толық сенімділігін білдіреді. Қоғамға қауіптілігі азаматтарға манипулятивті әсер етуінде", делінген хабарламада.

Бұған дейін Жетісу облысында жалған ақпарат таратқан блогерге айыппұл салынғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: