Автонесие дауы: жүзден аса адамды зар илеткен алаяқ Мысырдан экстрадицияланды

Экстрадициялау, алаяқтық, автонесие, Шымкент, Мысыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.07.2025 17:48 Сурет: polisia.kz
ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Мысыр астанасы Каир қаласында халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол криминалдық полиция қызметкерлерімен Шымкент қаласына жеткізілді.

ҚР ІІМ мәліметінше, 2023 жылы ер адам басқа адамдармен сөз байласып, жәбірленушілердің атына автокөліктерді несиеге рәсімдеп, кейін оларды үшінші тұлғаларға сатқан.

"Осындай факт бойынша полицияға 105 адам арызданған. Келтірілген жалпы материалдық шығын 1,5 миллиард теңгеден асты", делінген ІІМ хабарламасында.

Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің келесі баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды:

  • 190-баптың 4-бөлігі – аса ірі көлемде жасалған алаяқтық;
  • 262-баптың 1-бөлігі – ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу;
  • 217-баптың 1-бөлігі – қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Бұған дейін Қаржылық монитринг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті "Mooni Gold" қаржы пирамидасының заңсыз әрекетін әшкерелегенін жазғанбыз. Зардап шегушілердің көбісі үйін, көлігін сатып, ақша салған. Сондай-ақ, күдіктілер салымшыларды "дроппер" ретінде пайдаланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: