Оралда полицейлер биіктен секірмек болған әйелді құтқарып қалды
Сурет: polisia.kz
Орал қаласында "102" қызметіне Қонаев көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің шатырынан әйел адам секірмек болып тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері — Тұрарбек Бақдәулет пен Дамир Серіков дереу шатырға көтеріліп, әйелді дер кезінде құтқарып қалды.
"Полицейлер мен құтқарушылардың кәсібилігінің нәтижесінде қайғылы жағдайдың алдын алынды. Қазіргі уақытта әйелдің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ", делінген полиция хабарламасында.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.
Бұған дейін Ақтауда 16 жасар жасөспірім биіктен секіріп көз жұмғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript