Енді қазақстандықтар әскерге SMS хабарламалар арқылы шақырылады

Телефон, мобильный телефон, сотовый телефон, смартфон, мобильный интернет, мобильная связь, мобильный оператор, мобильные операторы, социальные сети, соцсети, соцсеть, социальная сеть, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2025 12:13 Фото: pexels
Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобада азаматтарды шақыруды ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі нақтыланған.

Атап айтқанда, мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруды мемлекеттік қызмет арқылы алуға мүмкіндік берілмек.

Сонымен қатар, әскери қызметке шақырылуға жататын қазақстандықтардың ұялы телефонына жолданған SMS хабарлама тиісті түрде ескерту түрі ретінде тану ұсынылады.

Жоба азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізудің бірыңғай тәсілдерін енгізуге бағытталған.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін орналастырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: