Жанама әдіспен салық салу объектілерін айқындау қағидалары әзірленді

НДС, налог на добавленную стоимость, плательщики НДС, ставка НДС, уплата НДС, процент НДС, проценты НДС, добавочный налог, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2025 15:48 Фото: Zakon.kz
Қаржы министрінің "Жанама әдіспен салық салу объектілерін немесе салық салуға байланысты объектілерді айқындау қағидалары туралы" бұйрығының жобасы әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобаның мақсаты:

  • салықтық тәуекелдерді уақтылы анықтау;
  • салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыру;
  • есеп жүргізу тәртібі бұзылғанда, есептік құжаттама жоғалғанда немесе жойылғанда, жеке тұлғаның табысын анықтауда, сондай-ақ жанама әдіспен (активтер, мүлік, міндеттемелер, айналым, табыс, шығындар, жұмсалатын қаражат) салық салу объектілерін немесе оларға байланысты объектілерді айқындау кезінде бақылауды күшейту.

Қаржы министрлігінің пікірінше, аталған шаралар қашықтан мониторинг жүргізуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде бюджетке түсімдердің көлемін арттырады және көлеңкелі экономиканың үлесін азайтады.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында 9 қыркүйекке дейін жария талқылауға шығарылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: